Президент • 07 Наурыз, 2023

Қызмет барысында батылдық танытқан қызметкерлер «Айбын» орденімен марапатталды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін бірқатар қызметкерлер ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызмет барысында батылдық танытқан қызметкерлер «Айбын» орденімен марапатталды

Осылайша, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі;
  • Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі наградталды.

Айта кетсек, 2023 жылдың 20 ақпанында Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.

Сондай-ақ 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты.