Ғылым • 07 Наурыз, 2023

Өнертапқыш өрендер

412 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайы­мын еселеді. Қашанда сейс­­микалық белсен­ділігі жо­ғары қалалардан қауіп көп. Зәулім ғимараттар қирап қана қоймай, тұрғын­дар­ды басып қалуы мүмкін. Құт­қарушылар келгенімен, үйін­ді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар «Saver» роботын ой­лап тапты. Бұл – қиранды ас­тын­­дағы адам­дарға араша болар ал­ғаш­­қы көмек.

Өнертапқыш өрендер

Табиғи немесе техногендік апат­тар қаржылық шығынмен қатар, адам өліміне әкелуі бек мүм­кін. Ақша табылар, тұрғын үйлер қайта бой көтерер, бірақ ешкімге қайта өмір сыйлай алмаймыз. Сондықтан адамдардың өмірін сақтап қалу маңызды. Бұл үшін өте жылдам әрекет ету керек, өйткені әрбір секунд қымбат. Осы мақсатта Талды­қорғандағы Назарбаев зият­керлік мектебінің екі оқушысы Іңкәр Құрманбаева мен Жания Жұматай екі бөліктен тұратын роботтар ойлап тапқан. Үлкені – «Saver», оған қосымша «Snake Saver» роботы бар. Аталған құры­лғы тастар мен үйінділерді аттап өтіп, от, көмір­тегі тотығы және басқа да зиянды факторларға қарамай адамды тауып, оны өзіне жапсырып, эвакуациялай алады. Егер адам терең үйінді астында жатса, «Snake Saver» роботы адамға жарық арқылы же­тіп, медициналық қобдишаны жеткі­зеді. Тіпті құтқарушылармен байланыс орнату үшін рация да береді.

Бүгінде әлем үшін қирандылар астынан адамдарды құтқару өзекті мәселе болып отыр. Неге десеңіз, қазір көпқабатты үйлер көптен салынып жатыр. Оның дені әлсіз әрі жер сілкінісіне не алапат өртке төтеп бере алмайды. Мәселен, Түр­­кия­дағы қайғылы жағдайды алып қарайықшы. Әлемнің түкпір-түк­пі­рінен келген мамандар қанша тырыс­қанымен халықты толықтай сақтап қала алмады. Қаншама адам қиранды астында тірідей қалып қойды.

«Робот толығымен тәуелсіз емес. Ол қашықтан басқарылады, ал оператор роботтың қоршаған ортасы туралы ақпаратты машинада орнатылған инфрақызыл камералардан алады. Инфрақызыл камера адамды термиялық ізімен анық­тауға ғана емес, сонымен қатар түнде және қиын ауа райы жағ­дайында құтқару жұмыстарын жүргі­зуге мүмкіндік береді», дейді Ж.Жұматай.

Оның айтуынша, бұған дейін төбесінде миниатюралық камерасы бар «Active Scope Camera» құбырлы роботы жарыққа шыққан. Ондағы басты жаңалық – түтікшені жабатын сансыз пластикалық кірпік­шелер. Осы шаш тәрізді құры­лымдар дірілдеп, кері итермелеу арқылы қозғалады. Ал «Saver» роботы нейрондық желі арқылы адамды жылдам тауып, алғашқы медициналық көмек береді.

Шетелдегі сарапшылар робот­тың әлеуеті зор деп баға беруде және АҚШ, Жапония ғалымдары таңдай қаққан. Германияда осындай апаттар болған кезде үлкен роботқа айнала алатын іздеу-құт­қа­ру құрылғы тобы жасалған екен. Олардың тұрқы танкі сияқты, бір-біріне баспалдақ бола алады. Каме­раны, гироскопты және GPS модулін қамтитын борттық сенсорлар жиынтығы адамдардың нақты орналасқан жерін анықтай алады. Қайта конфигурацияланатын роботтардың басты артықшылығы олардың әртүрлі тапсырмалар үшін пішінін өзгерту мүмкіндігіне ие.

Ал «Soryu-C» атты біркелкі емес, қашықтан жұмыс істеуге ар­нал­ған жылан тәрізді робот шаң мен суды бұйым көрмейді. Сондай-ақ балшықта, құмда және қоқыста жұмыс істей береді. Негізгі құрылғы шарлау және жабық кеңістіктерді тексеру үшін пайдаланылады. Екі жоғары ажыратымдылықтағы камерамен жабдықталған.

«Біз ойлап тапқан үлкен «Saver» роботы кез келген жол­дағы кедер­гілерді жеңе алады. Сонымен қатар отты өту үшін жаңбыр күмбез жасайды. Бір адам­ды және қирау аймақтарын қауіп­сіз эвакуациялауға қабілетті және адамдар мен кедергілерді анық­тайтын нейрондық желіге ие», дейді І.Құрманбаева

Өнертапқыш қыздардың ай­туын­ша, бұл үлкенді-кішілі «жы­ландардың» адамдарды және үйін­­ділер арасынан өтпелерді іздеу­ге арналған нейрондық желі­сі бар. Мысалы «Snake Saver» құрыл­ғысының биіктігі небәрі 10 см, ал ені 12 см. Ол үйінділер мен тастарға оңай көтеріле алады және сол жердегі адамдарды табу үшін жылт еткен саңылауларға терең енеді. Егер робот төңкеріліп, аударылса, ол ешқандай мәселе емес, әрі қарай жүре береді. Құрылғы үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде робот-электроника блогі, екінші бөлімде ең қажетті дәрі-дәрмек пен су қоры, үшінші бөлімде рация бар. Ол дәрігерлер мен психологтер үйінді астына адамға жігер беру үшін сөйлесуге арналған.

Алдымен адам табылмас бұрын, «Snake Saver» роботы «Saver» роботының ішінде, адам жататын қорғаныс күмбезінде болады. Ал оның «GoPro» камерасы арқылы құтқарушылар роботтың алдында не болып жатқанын көре алады. Бұл ретте робот үнемі жарық шулы дабылмен жұмыс істейді. Осылайша, бөгеттерді бұзып, адамдарды құтқарады.

 

Жетісу облысы