Әлем • 08 Наурыз, 2023

Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, теміржол станциясына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды

pixabay.com

Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, 23-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар зардап шеккен жолаушыларды вагон ішінен алып шығып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала нұсқа бойынша машинист жылдамдықты асырып жібергенге ұқсайды.

Мысыр прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.