Оқиға • 09 Наурыз, 2023

«Ұмытыңыздар». Серік Сәпиев балуанның «қудалануына» қатысты пікір білдірді

6010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелімхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұмытыңыздар». Серік Сәпиев балуанның «қудалануына» қатысты пікір білдірді

Бұған дейін БАҚ Серік Сәпиев пен Зелімхан Мұсихановтың арасындағы атышулы жанжал «жас палуанды спорт колледжінен шығаруға, ал оның отбасы мүшелерін жұмыстан шығаруға дейін барғанын» хабарлаған еді. Кейінірек жас спортшының колледжде оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.

«Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қудалауға қарсымын. Халқымыздан бұл жағдайды ұмытуын сұраймын. Спортта түрлі эмоция болады, бұл кез келген бәсекенің қалыпты бөлігі. Мен ол жастарға тек сәттілік тілеймін», деді Серік Сәпиев.

Еске сала кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалған еді.