Қоғам • 09 Наурыз, 2023

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 14%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы ақпанда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде – 25,4%-ға және Ақтауда - 25,2%-ға өсті.

Өңірлік бөліністе баға келесідей өсті:

(Қайталама тұрғын үй нарығы)

  • Семей - 41%,
  • Қызылорда - 39,9%,
  • Ақтөбе - 36,9%Ақтау - 35,4%,
  • Қостанай - 30,9%.

(Жалдау нарығы)

  • Көкшетау - 53,7%,
  • Қостанай - 51,9%,
  • Алматы - 49,6%,
  • Петропавл - 49,3%.

Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3%-ға, пәтерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті. Қаңтар айында абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.