Оқиға • 09 Наурыз, 2023

Түркістан облысының прокуроры қайтыс болды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының прокуроры қайтыс болды

Марат Әлихановтың кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

Марат Әлиханов 1965 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы Ақтөбе қалалық прокуратурасының стажер-тергеушісі болып бастаған. Сондай-ақ Ақсу аудандық сотының судьясы, Павлодар облысы Екібастұз ауданының, Ақсу қаласының және Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Кейін Марат Әлиханов Бас прокуратураның департаментін басқарды. 2012 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментін басқарды.

2014-2018 жылдар аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Марат Әлиханов республиканың бас көлік прокуроры, Павлодар облысы прокурорының орынбасары болған еді.

Ол 2020 жылдың ақпанынан бастап Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарып келген.