Бокс • 09 Наурыз, 2023

Қыздар құрамасы Делиге аттанады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 наурызда Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде бокстан әйелдер ара­сындағы әлем чемпионатының шы­мылдығы түріліп, жарыс 31 наурызға дейін жалғасады. Күні кеше дүбірлі дода­да бақ сынайтын ел құра­масының тізімі белгілі болды.

Қыздар құрамасы Делиге аттанады

Үндістан шаршы алаңында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстанның бұрымдылары толық құрамда (12 салмақ) өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген ха­лық­аралық жарыстың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ Нью-Делиде былтыр Түркиядағы әлем біріншілігінде ел қоржынына күміс жүл­де салған Алуа Балқыбекова (48 кг) және қола медаль иегерлері Жайна Шекербекова (52 кг), Ка­рина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (70 кг) шаршы алаңға шығады.

Шәміл Сафиуллин жаттықтыратын ұлттық құраманың толық тізімі мынадай: Алуа Бал­қыбекова (48 кг), Назым Қы­зай­бай (50 кг), Жа­зира Орақбаева (52 кг), Жайна Ше­кербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Рима Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), На­дежда Рябец (66 кг), Мәдина Нұршаева (70 кг), Ва­лентина Хальзова (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+ 81 кг).