Теннис • 09 Наурыз, 2023

Алғашқы айналымнан аса алмады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында алауы тұ­танған «Мастерс» турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды.

Алғашқы айналымнан аса алмады

Мұхиттың арғы бетіндегі доданың алғашқы айналымында жерлесіміз турнирдің іріктеу сайысында жеңімпаз атанған, дүниежүзілік рейтингте 175-орында тұрған тайпэйлік Ву Тун Линмен шеберлік байқасты. Екі теннисші де кездесуді жақсы бастады. Александр допты ойынға қосқан жетінші геймде Ву Тун брейк жасап, 4:3 есебімен алға шықты. Кейінгі екі геймде де сәтті ойнаған тайпэйлік теннисші бұл сетті өз пайдасына жазды – 6:4. Екінші кезеңде де дәл сондай жағдай қайталанды. Бублик үшінші геймде қарсыласына брейк жасауға мүмкіндік беріп қойды – 2:1. Ву Тун Лин матч соңына дейін басымдығын сақтап, бұл жолы да 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар арасында бақ сынайтын Юлия Путинцева бүгін алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен шеберлік байқасады. Ал жарысты екінші айналымнан бастайтын әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін Слоан Стивенс пен Софья Кенин жұбының жеңімпазымен өткізеді. Жұптық сында ел намысын жуырда ғана елордада өткен турнирдің жеңімпазы Анна Данилина қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45