Футбол • 09 Наурыз, 2023

Кеңейтілген құрамда кімдер бар?

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден соң футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы 2024 жылы Германия жасыл алаңдарында жалауы желбірейтін Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарын бас­тайды. Наурыз айында екі матч жоспарланған. Жерлестеріміз 23 наурыз күні елордада Словения құрамасын қабылдаса, 26 наурызда Дания футболшылармен кездеседі. Жуырда ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев сол ойындарда алаңға шығуы мүмкін 32 футболшының тізімін жариялады.

Кеңейтілген құрамда кімдер бар?

Еліміздің аяқдоп ше­берлері былтырғы маусымды сәт­ті аяқтап, Ұлттар лигасының «В» дивизионына көтерілгені бел­гілі. Футбол жан­күйерлері биыл да ұлттық құрама ұландарынан жоғары нәтиже күтетіні анық. Сондықтан болар, бас бапкер Магомед Адиев биылғы Еуро-2024 турнирінің іріктеу ойындарына негізінен Ұлттар лигасы матчтарында тәуір өнер көрсеткен футболшыларды шақырып отыр. Сондай-ақ ке­ңейтілген тізімнен бірнеше жас футболшының есімдерін де байқадық.

Атап айтқанда, жуырда ға­на Ресей премьер-лигасы­на ауыс­қан қорғаушы Лев Сквор­цов («Химки»), Беларусь чемпио­натындағы «Белшина» командасы сапында екі маусым ойнап, биыл «Тобыл» құрамын толық­тырған жартылай қорғаушы Ислам Чесноков, биылдан бас­тап «Астана» клубының не­гізгі құрамында жасыл алаңға шығып жүрген шабуылшы Владислав Прокопенко ұлттық құраманың жиынына шақырту алды.

Магомед Адиевтің кеңейтілген жалпы тізіміне мына футболшылар енді:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ор­дабасы»), Данил Устименко («Қай­рат»), Стас Покатилов («Ақ­төбе»);

Қорғаушылар: Сергей Ма­лый, Темірлан Ерланов, Ға­фур­жан Сүйімбаев («Ордабасы»), Алек­сандр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Аб­зал Бейсебеков, Михаил Га­бы­шев, Тимур Досмағамбетов (бар­лығы – «Астана»), Талғат Ку­ся­пов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Мо­ленбек», Бельгия), Лев Сквор­­­цов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Ис­ламхан, Эльхан Астанов («Ор­дабасы»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов («Ақсу»), Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, («Астана»), Максим Само­родов, Арман Кеңесов («Ақ­төбе»), Ислам Чесноков («То­был»);

Шабуылшылар: Абат Айым­бетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Артур Шуше­начев («Қайрат»), Абылайхан Жұ­мабек («Ақтөбе»), Айбар Жақ­сылықов («Ордабасы»).

Құраманың оқу-жаттығу жиыны 16 наурызда басталады. 23 наурызда Словениямен өтетін матч елорда уақытымен 21:00-де басталады. Үш күннен кейін Даниямен болатын кездесудің уақыты 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.