Футбол • 09 Наурыз, 2023

Элиталы кезеңге жолдама алды

236 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары елімізде үлкен футболға қарағанда, шапшаңдықты талап ететін шағын футбол қарқынды дамып келеді. Бұл сөзімізге футзал құрамасының осыдан екі жыл бұрын Литвада ұйымдастырылған әлемдік додадағы жоғары жетістігі мен былтыр Нидерландта жалауы желбіреген Еуропа біріншілігіндегі табысты өнері дәлел бола алады.

Элиталы кезеңге жолдама алды

Күні кеше Рикардо Кака бас­таған футзалдан ел ұлттық құрамасы келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін негізгі іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын өткізіп, сырт алаңда Сло­вения футзалшыларымен тең түс­ті. Топтағы төрт ойынның үшеуін­­де жеңіске жетіп, біреуінде ұпай бөлісуге мәжбүр болған жер­лестеріміз бірінші орынмен ірік­теудің келесі айналымына, яғни элиталы кезеңге жолдама алды.

Марибор қаласында орна­ласқан «Дворона Табор» спорт кешеніндегі тартысты бәсеке 3:3 есебімен тең аяқталды. Қазақ­стан құрамасы келесі кезеңнің мәселесін мерзімінен бұрын шешіп қойған соң, бұл кездесуде барын салып ойнаған жоқ. Со­нымен қатар жарақаттарына байланысты аталған матчта қақпашы Игита мен қорғаушы Лео ұлттық құрамаға көмектесе алмады.

Матч барысында ұлттық құ­рама сапынан Аль­берт Ақ­балықов (5-минут), Дәу­рен Тұрсағұлов (15) және Тай­нан (19) мергендігімен көзге түс­се, алаң иелерінен Жиго Чех (9), Игор Осредкар (25) және Тео Турк (26) дәлдік танытты. Осылайша, ел құрамасы төрт матчта 10 ұпай жинап, екінші іріктеу кезеңін өз тобында бірінші орынмен аяқтады. Бұған дейін біздің жігіттер Словенияны 2:0, Черногория құрамасын 5:1 және 7:0 есептерімен тізе бүктірген болатын. Жерлестеріміз бесінші топта өнер көрсетті.

Енді Рикардо Кака шәкірттері Еуропа чемпионатының финал­дық кезеңіне жолдама алу үшін элиталы кезеңде бақ сынай­ды. Қазақстан құрамасынан бө­лек, Испания (бірінші топтың же­ңімпазы), Грузия (2-топ), Армения (3-топ), Португалия (4-топ), Поль­ша (6-топ), Хорватия (7-топ), Румыния (8-топ), Фран­ция (9-топ), Италия (10-топ), Украина (11-топ) және Словакия (12-топ) құрамалары да элиталы кезеңде ойнайды. Сонымен қатар екінші іріктеу кезеңінде екінші орын алған құрамалар ішінде ең көп ұпай жинаған тағы төрт команда элиталы кезеңге жолдама алды. Олар: Сербия (9-топ), Словения (5-топ), Финляндия (8-топ) және Әзербайжан (6-топ).

Ал аз ұпаймен екінші орын­ға табан тіреген Бельгия, Ма­жарстан, Германия, Литва, Мол­дова, Нидерланд, Чехия, Шве­ция құрамалары 10-19 сәуір ара­лы­ғын­да бір-бірімен қосымша өткі­зеді. Же­ңіске жеткен ұжым келесі ке­­зеңде ой­нау мүмкіндігіне ие бо­лады.

20 құрама қатысатын элиталы кезеңнің жеребесі 5 шілдеде тартылады. Ал матчтар 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған.