26 Маусым, 2014

Сын сәтте сан соқты

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футбол-2014-1Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортасына да жақындап қалды. Қазір командалар үшінші турдың соңғы ойындарын өткізіп жатыр. Бұл тур кейбір құрамалар үшін не бел кететін, не белбеу кететін тур болып тұр. Әсіресе, үшінші турдағы матчтар Еуропа елдері үшін ең жауапты болып саналады. Сейсенбі күні Еуропаның ең мықты деген тағы бір құрамасы осы сыннан сүрініп, 1/8 финалға өте алмады.­ «D» тобында Уругвай Италияны 1:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға шығар­май тастады. Бұл кездесуде 81-ші минут­та Диего Годиннің соққан добы Италия­ның үмітін үзді. Өйткені, Аппенин түбегі елі қар­сы­ласымен тең ойнаса, жарысты жалғастыруға мүмкіндігі бар еді. Футбол-3 Осы топтағы Коста-Рика мен Англия құрамаларының арасында өткен ойын тең есеппен аяқталды. Тұманды Альби­он­ның командасы соңғы турдың нәти­же­сіне қарамай-ақ Испания мен Италия құрамалары сияқты әлем чемпио­натымен бұған дейін-ақ қоштасқан болатын. Осы күні «С» тобында­­ Колумбия Жа­по­нияны 4:1 есебімен, ал Гре­кия Кот’д Ивуар командасын 2:1 есебімен жеңіп, 1/8 фи­налға шықты. Осы арада Гре­кияның 1/8 финалға алғаш рет шығып отырғанын атап көрсеткен жөн. Енді плей-­оффта Ко­лум­бия Уру­г­ваймен, Коста-Рика Гре­кия­мен кездеседі. Осы ойындарда Колумбия мен Коста-Рика жеңсе, алғаш рет ширек финалға шығады. Грекия құрамасы туралы да осыны айтуға болады. Кеше кешкісін Аргентина Нигериямен, Иран Босния және Герцеговинамен, Гон­ду­рас Швей­­цариямен, Эквадор Фран­­циямен кездесті.
Соңғы жаңалықтар