Спорт • 11 Наурыз, 2023

Ұлыбритания Ресей мен Беларусь спортшыларының олимпиададан шеттетілуін сұрады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания үкіметі олимпиаданың негізгі демеушілерінен Ресей мен Беларусь спортшыларының олимпиадаға қатыстырылмауын талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания Ресей мен Беларусь спортшыларының олимпиададан шеттетілуін сұрады

Ұлыбритания 2024 жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына орыстар мен беларусьтердің қатысуына қарсы.

The Guardian хабарлағандай, Мәдениет министрі Люси Фрейзер ұйымға осы мәселе бойынша ХОК серіктестеріне, соның ішінде Coca-Cola, Intel, Samsung және Visa-ға жүгінген.

«Біз Ресей мен Беларуссияда спорт пен саясаттың бір - бірімен тығыз байланысты екенін білеміз. Сондықтан спортты үгіт-насихат мақсатында пайдалануына жол бермеуге бел будық», деп жазды министр хатында.

Ұлыбритания үкіметі Ресей мен Беларусь спортшылары соғысты жақтамаса да, олардың жарысқа қатысуына рұқсат беруге болмайды деп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35