Денсаулық • 11 Наурыз, 2023

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында көз ауруы жиілеген

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар арасында сколиозбен ауыратын және көру қабілеті нашар балалар саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында көз ауруы жиілеген

Алматыда мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурудың алдын алу үшін тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізіледі.

895 мектепке дейінгі мекеме бақылауда, оның 194-і мемлекеттік, 701-і жекеменшік балабақша. Тіркеудегі 72 559 бала тексеруден өтіп отырады.

Тексеру нәтижесінде  көп баладан көз аурулары мен сколиоз анықталған. Мониторинг бойынша диспансерлік есепте 3518 бала тіркелген.