Аталған зауыт өңірдегі май өнімінің үштен екі бөлігін өндіреді. 2002 жылдан бері өз өндірісін қайта жарақтандырған зауыттың өнімі бүгінде халықаралық жоғары сапа талаптарына сәйкес. Делегация мүшелері рафинаттау, өнімдерді құю, шикізатты сығымдау цехтарында, зауыт қоймасында болып, зауытқа енгізілген жаңа технологияның жұмысымен танысты. Кәсіпорынның бас инженері С.Молчановтың айтуынша, бельгиялық «Dozmet» және «Бюллер» фирмаларының күнбағыс майын алу және тазарту жабдықтары орнатылған зауытта күніне 140-150 тонна май өндіріледі. 600-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр.
Бұдан кейін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Роман Мәдинов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитарлық қауіпсіздік және егістік өнімдерін қайта өндіру департаменті директорының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов, Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков, «ҚазАгроИнновация» АҚ басқармасының төрағасы Әзімхан Сатыбалдин және өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің көшпелі отырысы өтті.
Өңір басшысы көшпелі отырыстың Шығыс өңірінде өткізілуі ауыл шаруашылығы мәселелерін оң шешіп, салаға қатысты заңнаманы жетілдіруге көмегін тигізетінін атап өтіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялау мәселесін көтерді. Мәселен, «Май» АҚ бұрын мемлекет тарапынан субсидияланған болса, бүгінде бұл көмекке қол жеткізе алмай отыр. Сол сияқты құс еті мен жұмыртқасын өндіру, марал және ара шаруашылығының аяғынан тұрып кетуі тікелей мемлекеттік қолдауға байланысты болмақ. Аймақ басшысы сондай-ақ ветеринария, екпе егу сияқты кейбір мәселелерді жергілікті атқарушы органдардың құзырына беру мәселесін жеткізді.
Көшпелі отырыс соңында комитет төрағасы Ромин Мәдинов ұсыныстар мен өтініштер министрлік пен Үкімет деңгейінде қарастырылатынын жеткізді. Парламент депутаттары мен ауыл шаруашылығы саласының жетекшілерінен құралған делегация мүшелері Көкпекті және Күршім аудандарындағы бірқатар шаруашылықтардың жұмысымен танысып, аудан халқымен балық шаруашылығының түйінді мәселелері талқыланған кеңес өткізді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше