Қоғам • 12 Наурыз, 2023

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

1848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция заңсыз бекіре балығын аулағандарды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

«Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2023 жылдың 10 наурызында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді. 

Полицейлер 26 жастағы күдікті азаматты ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.