Марапат • 12 Наурыз, 2023

Жолдасбеков жүлдегерлері

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық универ­сите­тінде өткен Ө.Жол­дас­беков атындағы ма­тема­тика және механи­ка бойынша XII халық­аралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс жә­не 4 қола медаль иеленді.

Жолдасбеков жүлдегерлері

– Мектеп оқушыларының же­ңісіне әрдайым қуанамыз. Бүгін олар тағы да жүлделі орын­дарға ие болды. Оларды же­ңі­сімен құттықтаймыз! Білім алу­­ға деген ынта ешқашан сөн­бесін. Халықаралық байқау жыл сайын ғылыми-зерттеуге қы­зығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізіледі. Осылайша, нақты ғылымды зерттеуге ынталандырамыз, – деп атап өтті Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Байқауға қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер бойынша ғылыми жобаларын қорғады.

Қатысушылар арасынан №159 гимназияның оқушылары Абай Бағжан мен Жөкен Дияр, сонымен қатар №178 ма­ман­дандырылған лицейдің оқушы­лары Мұқаш Ермұхан мен Әубәкір Іңкәр жеңімпаз атанды. №178 мамандандырылған лицей оқушылары Жалғасбек Адал және Аяжан Маратова күміс жүлдеге ие болды. №159 гимназияның оқушылары Ерасыл Есенгелдин, Нұралы Оралбеков, Жанбота Дәуленхан және №39 мамандандырылған лицейдің оқушысы Олжас Майсыұлы үшінші орынды еншілесе, байқауға қатысқаны үшін №83 гимназияның оқушысы Аяулым Шаяхмет арнайы грамотаға ие болды.

 

АЛМАТЫ