Әлем • 13 Наурыз, 2023

Илон Маск АҚШ-тағы ең ірі банкті сатып алуы мүмкін

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық миллиардер Илон Маск банкротқа ұшыраған АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск АҚШ-тағы ең ірі банкті сатып алуы мүмкін

Бұл туралы кәсіпкер Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мен бұл идеяны талқылауға дайынмын», деп жауап берді Маск әлеуметтік желі қолданушыларының біріне.

11 наурызда Калифорнияның цифрлық реттеуші агенттігі көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы ірі банк SVB-ны банкрот деп жариялады. Несиелік ұйым стартаптарға икемделген.

SVB-ның банкроттығы 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі қаржы саласындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланады, ол - АҚШ тарихындағы Washington Mutual Bank-тен кейін банкроттыққа ұшыраған екінші ірі банк.

FDIC барлық сақтандырылған депозиттерді SVB-нің өзі Deposit Insurance National Bank of Santa Clara-дан ашқан жеке шотына аударды.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұмада реттеуші органдармен кездесіп, SVB айналасындағы жағдайды реттей алатындықтарына сенім білдірді.

Аптаның басынан бастап АҚШ-тың басты индекстері 1% - дан 1,8% - ға дейін құлдырады.