Әлем • 13 Наурыз, 2023

Илон Маск өзінің жеке қаласын салмақшы

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған кәсіпкер өзінің жеке қаласын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск өзінің жеке қаласын салмақшы

Илон Маск қала құрлысын бастау үшін Техастан бірнеше жер сатып алып үлгерді. Ол SpaceX Musk және Boring Company нысандары орналасқан Остин елді мекенін таңдаған. Ал қала мәртебесін алу үшін онда кемінде 201 тұрақты тұрғын болуы керек. Осыдан кейін қала барлық картаға енгізіліп және пошта деректері тағайындалады. Қалаға Снейлбрук атауы беріледі. Snaile ағылшын тілінен ұлу деп аударылады. Бұл атау кездейсоқ таңдалмаған.

Бұл Масктың іскерлік позициясын көрсетеді. Ол кез келген процестердің, соның ішінде дәл осы қала құрылысының жылдамдығын арттыруды көздеп отыр. Әрі ұлуларға қарағанда жылдамырақ жұмыс істейтін техниканы табу керек дейді. 

Маск қаланың алғашқы тұрғындары өзіне тиесілі компаниялардың қызметкерлері болатынын мәлімдеді. Олар үшін қаладағы қызметтерді пайдалануда жеңілдік қарастырылып, жақсы жағдай жасау жоспарлануда.

Сондай-ақ Снейлбруктың саяси және әкімшілік жүйесі мемлекеттік жүйеге сай болады. Қала мэрін сайлау әдеттегі ережелер бойынша өтеді.