2013 жылғы 26 желтоқсан, Астана қаласы
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. РАУ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі ____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___»__________
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №441 бұйрығымен бекітілген
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі; 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 35.11 «Электр энергиясын өндіру», 35.12 «Электр энергиясын беру», 35.13 «Электр энергиясын тарату», 35.14 Электр энергиясын тұтынушыға сату.
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1- параграф «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша –1-4, СБШ бойынша – 1-4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8283 «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – субъектінің диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканы пайдалану кезінде олардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыруы;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
7. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№
р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ біліктілік деңгейлері БТБА бойынша разряды
1 Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері 1-4 1-6
Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Энергия өндіретін ұйымдар, энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдар, энергия шығаратын ұйымдар
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-п бұйырығына сәйкес. Үй-жайда жұмыс кезінде: қауіпті және зиянды факторлардың әсері
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Жұмыс істеуге рұқсат: медициналық тексеруден кейін, кіріспе және алғашқы нұсқамалықты алғаннан кейін, оқыту мен тексеруден өткеннен кейін, сынақ
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
1 Жалпы орта білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру базасында қысқамерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтілі талап етілмейді
2 Жалпы орта білімі, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі болған жағдайда еңбек тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (білім беру ұйымы базасында қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Еңбек өтілі талап етілмейді
3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). Еңбек өтілі кемінде 1 жыл
4 Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе Еңбек өтілі кемінде 1 жыл
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету
және жөндеу» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың
электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Тоқсыздандырылған диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканың аппаратурасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде бөлшектерін тазарту және жуу, ауыстыру бойынша қарапайым қосымша жұмыстарды атқару. Бақылау машинасы немесе вольтметрдің көмегімен кернеудің бар-жоғын тексеру. Кабельден кендірді алу
2 Ф Диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру
3 Ф Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау
4 Ф Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу
5 Ф Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және элекронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу
6 Ф Аппаратуралардың барлық түрлерінің электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету
7 Ф Микропроцессорлардың негізінде телемеханика құрылғыларына және энерготасымалдауыштарды есепке алу бойынша ақпараттық-есептеу жүйесіне эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Ақпараттық, басқару есептеу кешендеріне және жеке электронды-есептеу машиналарына қызмет көрсету. Бағдарламалық жасақтама көмегімен аса күрделі құрылғыларын тексеру және диагностика жүргізу
Ескертпе: Ф – функция.
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте
1.СБШ 1-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың
электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі
Ф 1 Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 1-1 М Тоқсыз-дандырылған диспетчерлік жабдық пен телеавтомати-каның аппаратурасына техникалық қызмет көрсету
мен жөндеу кезінде бөлшек-терін тазарту және жуу, ауыстыру бойынша
қарапайым қо-
сымша жұмыс-
тарды атқару Үлгілі, қарапайым практикалық тапсырмаларды орындау біліктілігі, өзін бақылау және өзін ұстай білу дағдыларын көрсету
Еңбек заты, оның өзгеріс үрдісі мен сәйкес орындалатын әрекеттер циклы туралы базалық білім. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары
Ф 2 Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 2-1 М Бақылау машинасы немесе вольтметрдің көмегімен кернеудің бар-жоғын тексеру. Кабельден кендірді алу Жұмыс істеу әдісін таңдау, бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу кезінде өзін-өзін бақылау және өзін-өзі түзету дағдысы Көп таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары мен мақсаты; қарапайым тексеру және өлше аппара-турасының атауы мен мақсаты
Ф 3 Диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 3-1 М Темір тоғын мен бұрандамаларды дайындау. Құймадан кейін өлшеміне келтіру үшін қарапайым бөлшектреді слесарлық өңдеу. Сыртқы келбетіне қарай өнімдер мен материалдарды сұрыптау және бөлшектеу. Электр өлшеу аспаптары мен аппаратурасын тасымалдау үшін орамдау және тасымалдау Слесарлық құралмен практикалық жұмыс істеу дағдысы Металлды тот басудан сақтау әдістері; болат, мыс, жез, алюминий, оқшаулағыш материалдар, орама сым, майлау материал-дарының қасиеттері жайлы жалпы мәлімет
2-кесте
2. СБШ 2-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі
Ф 1 Диспет-
черлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 1-1 М Диспетчерлік жабдықтар мен телеавто-матиканың аппаратурасына эксплуа-тациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығы-
мен аспаптарды қалқан-
дарға орнату, жұмысын тексеру үшін оларды қосу, қатты және жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу және қалайы-
лау, панель-
дердегі теже-
гіштердің бар-
лық түрлерін монтаждау Жұмсақ және қатты дәнекерлеу мен қалайылау біліктілігі. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен аспаптарды қалқандарға орнату. Диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау Кабельді және сызықты құрылымдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау қағидалары; қызмет көрсетілетін кабельдер, оқшаулағыш материалдар, орамдау және монтаждау сымдарының түрлері мен құрылымдары; көп таралған әмбебап және арнайы күрделілігі орташа құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары мен мақсаты
Ф 2 Диспет-черлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 1-2 М Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылым-дарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуа-тациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау Диспетчерлік жабдықтың кабельді және сызықты құрылымдарына, жоғарғы жиілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратурасына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және ондағы тағайындалған режимді ұстау Электртехника және радиотехника негіздері; жоғары жиілікті байланыс және көп каналды жүйелер мен электр беру желілері бойынша телеавто-матиканың негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың, жоғары жиілікті байланыс, телемеханика және радиобайланыс каналдарының блок-сызбалары, номиналды қуаты бойынша тежегіштерді таңдау; тұрақты және айнымалы тоқпен қоректену сұлбалары мен көздері туралы мәлімет
3-кесте
3. СБШ 3-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың
электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі
Ф 1 Диспет-черлік жабдық пен телеавто-матика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 1-1 М Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу. Телеавтоматиканың реле-сызбанұсқалары мен кілттерді бөлшектеу және құрастыру Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелеріне, телеавтоматика аппартурасына, релелік коммутаторларына, қарапайым және орташа қиындықтағы кабельді тізбектердің штативті құрылғыларына, жер астындағы құрылымдардың телеавтоматиканың каналдарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қателіктерді табу және оларды жою, кабельді байланыстарды монтаждау мен бөлшектеу дағдысы Электр тарату желілері, көп каналды жүйелер бойынша ақпаратты жібері және қабылдау қағидаттары; диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының негізгі және монтаждау сұлбалары, электр қуатын беру және тарату сұлбылары және сигнал беру сұлбылары; қызмет көрсетілетін жабдықты, кабель тізбектерін, телеавтоматика каналдарын күйге келтірудің негізгі электрлік нормалары, тексеру және өлшеу әдістері
Ф 2 Диспет-черлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 1-2 М Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және электронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақауларын табу және жою. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының электрлік сипаттамасын өлшеу Жоғарғы жиіліктегі тығыздау жүйелерінің жартылай өткізгіш аппаратураларына, өздігінен жазатын және элекронды-тіркейтін құрылғылардың телеавтоматикасына, кабельді тізбектің күрделі штативті құрылғыларына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу білігі. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақауын анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасының электрлік сипаттамасын өлшеу Қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сипаттамасы жайлы білім; көп каналды жоғары жиілікті тығыздау жүйелерінің, телеавтоматиканың және коммутаторлардың негізгі және монтаждау сұлбалары; топтық генератор және жалпы станциялық жабдықтың негізгі сұлбалары мен жұмыс істеу қағидаттары; телеавтоматика мен телесигнал беру тізбектерінің негізгі сұлбалары
4-кесте
4. СБШ 4-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және
телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі және дағдылары Білімі
Ф 3 Диспет-
черлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасы
Қажетті оқшаулағыш және өткізгіш материалдар, жұмыс, слесарлық және өлшегіш құралдар, қорғаушы киімдер, резеңке қолғаптар, қол еңбегі 3-1 М Микропро-цессорлардың негізінде телемеханика құрылғыларына және энерготасымалдауыштарды есепке алу бойынша ақпараттық-есептеу жүйесіне, аппаратуралардың барлық түрлерінің электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету және жөндеу тығыздау жүйелерін реттеу және күйге келтіру. Жаңа орнатылған жабдықты жөндеу және сынақтан өткізу Электрлік және механикалық реттелетін жаңа орнатылған және зерттеу жабдықтарына эксплуатациялық-техникалық қызмет көрсету кезіндегі практикалық жұмыс істеу дағдысы. Тығыздау жүйелерін реттеу мен жөндеу. Жаңа орнатылған жабдықты жөндеу және сынақтан өткізу Атқарылатын жұмыс аясында электроника мен жартылай өткізгіш техникасының негіздері; диспетчерлік жабдық пен телеавтоматика аппаратурасын тексеру және жөндеу қағидалары мен әдістері; жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар номенклатурасы мен қасиеттері; коммутация сұлбалары, телеавтоматика аппаратурасының, электр тарату желілерінің және учаскенің басқа да жабдығының жұмыс істеу режимдері мен сипаттамасы
Ескертпе: М – мақсат.
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартына 4-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы Келісу күні
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Салалық кеңесі 29.11.2013 жыл
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылғы желтоқсан
Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясы 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылғы қараша
«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы 2013 жылғы қараша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті «Қазақстан Республикасы минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы 2013 жылғы қараша
«Органикалық синтез және көмiр химиясы институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылғы желтоқсан
«Теміржолэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылғы желтоқсан
Осы КС _____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне №____________________________тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні_____________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9160 болып енгізілді.