Еңбек • 13 Наурыз, 2023

Жұмыссыздықты азайтуға арналған бастама

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Халықты жұмыспен қамту» орталығының 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес 57 181 адам қосымша еңбекпен қамтылуға тиіс. Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты жаңа жұмыс орындары арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту екенін ескерсек, жергілікті билік тарапынан осы бағытта маңызды іс-шаралар іске асырылып келеді.

Жұмыссыздықты азайтуға  арналған бастама

Жоғарыда аталған жос­пардың негіз­інде 30 мың­нан астам адам­ды «2021-2025 жылдарға арнал­ған кәсіпкерлікті дамыту жө­нін­­дегі ұлттық жобасы» аясында биыл жұмысқа ор­на­ластыру көзделіп отыр. Ха­лықтың әл-ауқа­ты артса, бұл – әлбетте бі­рін­ші ке­зекте тұрақты жұмыс ор­ны­нан тапқан табысының нәтижесі. Ал әлеуметтік жағ­дай­­дың жақ­саруына ықпал ететін фактор әрқашан ұлттық эконо­ми­каның оң динамикасы болып қала береді.

Айтқандай, сол «екі қолға – бір күрек» іздеген 57 181 аза­мат­тың 42 714-і тұ­рақты, 6 617-сі уақытша жұмыс орындарына орналастырылады. Бұдан бө­лек, өңірлерде «Жұмыс беру­шілердің сұратуы бо­йын­ша оқу ұйым­да­рында жұ­мыс­сыздарды кәсіп­тік оқы­туды ұйымдастыру» бағ­дар­ла­масы жүзеге асып келеді. Биыл осы атал­ған бағ­дарлама аясында тұ­рақ­ты жұмысқа іліге алмай жүрген 1 671 кісіні кәсіп­тік ма­мандыққа оқыту жоспарланып отыр.

Ал Шымкент қала­лық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік қор­ғау бас­­­қармасы басшысының орын­­басары Мақсат Жол­дас­­­­бе­­ковтің мәлім­деуін­ше, еңбек нарығында сұ­ра­­нысқа ие кәсіп­тік ма­ман­дықтарға оқыту бас­қар­ма­ның маңызды қадам­да­рының біріне кіреді. Осы бастаманың аясында өткен жылы қаланың 2 400 тұрғыны қысқа мер­зімді оқу курстарынан өтіпті. Бұл игі іс-шараның көз­деген басты мақ­саты елімізде жұмыссыздар санын азайту болып отыр. Со­нымен бірге бүгінгі таңда қо­ғам­ның өзекті проб­лемасына айналған кә­сіпорындардағы кадр тап­шылығы мәселесін тү­бегейлі шешуге септігін тигізбек.

Тағы бір маңызды жа­ңа­лық­­тың бірі – биылдан бас­тап «Отба­сы­ның цифрлық картасы» ұлттық жобасы іске қосылды. Бұдан былай тұрғындарға әлеу­мет­тік хал-ахуалына қарай мем­лекеттік қызметтерді ұсыну SMS хабар­лама­лар арқылы іске асады. Айта­лық жаңа жүйеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алу­шылардың халықты жұ­мыспен қамту орталы­ғы­на құжат тапсырып әуре болмайды. Өйткені ұялы телефонға келіп түскен SMS хабарламаға жолданған жауап жеткілікті. Соның көмегімен АӘК алушының өтінімі қабылданып, арнайы комиссияның тексе­руі­не жіберіледі. Әрі қарай ко­миссия шешімімен жәр­демақы тағайын­да­лады.