Ауа райы • 14 Наурыз, 2023

15 наурызға арналған ауа райы болжамы

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

15 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК ұсынған деректерге сәйкес, солтүстік-батыс циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

«Елдің батысы мен шығысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен күн жауын-шашынсыз өтеді», деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, республика бойынша тұман, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болады.

Астана қаласында көшпелі бұлт, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Әлі де көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0,-2°С болады.

Алматыда күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +14+16°С болады.

Шымкентте де көшпелі бұлт күтіледі, алайда жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С болады.