Аймақтар • 15 Наурыз, 2023

Қарағанды облысында пәтер өртеніп, екі жасар бала көз жұмды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Ақбұлақ ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан екі жасар бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында пәтер өртеніп, екі жасар бала көз жұмды

Оқиға 13 наурызда Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылының екі пәтерлі тұрғын үйінде болған. Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, үйде тұрған ағаш жәшіктер өртеніп кеткен.

«Үйдің шатыры, терезелері, есік блоктары, сондай-ақ жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын басқа да үй заттары мен жиһаздары өртеніп кеткен. Өрт салдарынан 2020 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды», делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген үш жасар бала қайтыс болғаны анықталды.