Экология • 15 Наурыз, 2023

Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл көрсеткіш әлем бойынша ең ластанған қалаларды зерттеу нәтижесінде белгілі болды. Тізімге Қазақстандағы қаланың біреуі кірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды

IQAir сервисінің деректеріне сәйкес, Қарағанды ​​қаласы 23-ші орында тұр. Қаланың ластану индексі - 77,8 деңгейінде.

2021 жылы Қарағандының ластану индексі бұдан төмен болған, жаңа көрсеткіш жағдайдың нашарлағанын көрсетеді.

Ең лас қалалар рейтингінде Пәкістанның Лахор қаласы көш бастап тұр, оның ластун индексі - 97,4. Екінші орында 94,3 ластану индексімен Қытайдың Хотан қаласы болса, үшінші орында 92,7 индексімен Үндістанның Бхивади қаласы тұр.