Инновация • 15 Наурыз, 2023

Жасанды интеллектің жаңа нұсқасы әзірленді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OpenAI компаниясы өзінің танымал chatgpt чатботына біршама өзгерістер енгізіп, жаңа нұсқасын жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллектің жаңа нұсқасы әзірленді

Сhatgpt чатботтың соңғы нұсқасы мәтінмен және суреттермен де жұмыс істей алады. Әзірлеушілер жаңа чатботтың 25 мың сөзге дейін, яғни бұрыңғыдан қарағанда 8 есе көп ақпаратты тауып, жүйелеп бере алатынын атап өтті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, OpenAI басшысы Грег Брокман онлайн презентация кезінде GPT-4-тің кейбір мүмкіндіктерін таныстырған. Енді жасанды интеллект қолмен салынған эскиздің фотосуреті негізінде нақты веб-сайт та жасап бере алады.

Сонымен қатар жасанды интеллект заң саласы бойынша емтихан тапсырып, үздік нәтиже көрсеткен студенттердің қатарына кірген.

Чатбот іске қосылғаннан бастап, жасанды интеллектен қолданушылар көбіне ән, өлең, жарнама және компьютерлік код жазып беруін сұраған. Компания осы сұранысты ескере отырып, чатботқа өлең, ән жазып бере алатын мүмкіндік қосқан.

Әзірге пайдаланушыларға GPT-4 чатботының айына 20 доллар тұратын ақылы нұсқасы ғана қолжетімді. 

Айта кетсек, қолданушылар арасында үй тапсырмасын орындау үшін роботқа жүгінетін студенттер мен мектеп оқушылары көбейген.