Инновация • 15 Наурыз, 2023

ChatGPT: Жасанды интеллект адамның орнын баса ма?

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ChatGPT чат-боты ерекше танымалдыққа ие болып, әртүрлі салада қолданыла бастады. Оның мүмкіндіктері әлі де зерттелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

ChatGPT: Жасанды интеллект адамның орнын баса ма?

GPT әлемдегі ең мықты жасанды интеллект. Өйткені ол 175 миллиардтан астам параметрді қамти алады. Мысалы, чат-бот жазбаша мәтіндерді аударып, қорытынды шығарады. Тіпті өлең жазуға қауқары жетеді.

Майами, Дейтон және Гамбургтегі Гельмут Шмидт университетінің зерттеушілері жақында chatgpt-тің білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу, статистика процесін басқару (SPC) сияқты әртүрлі салалардағы мүмкіндіктеріне зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде, оның көп салада көмек көрсете алатынын анықтаған. Алайда бір кемшілігі жасанды интеллект ақпараттарды бейресми дереккөздерден де жинайтындықтан, оның берген жауаптары әрқашан сенімді бола бермеуі мүмкін.

«Біздің зерттеуіміз ChatGPT-тің қазіргі нұсқасы кодты бір тілден екінші тілге аудару және белгілі ұғымдарды түсіндіру сияқты құрылымдық тапсырмаларды жақсы орындайтынын көрсетеді. Бірақ кодты нөлден жасау сияқты тапсырмаларды орындау қиынға соғады», деді зерттеушілер.