Диқандар қауымы істің орайлы жүргізілуін мемлекет тарапынан жасалған көмектің уақытында жеткізілуімен және жалпы дайындық жұмыстарының тыңғылықты атқарылғандығымен байланыстырады. Алдын ала дайындалған 529 мың тонна тұқымның 75 пайызы I-II сыныптық сұрыпты құрайды. Дала жұмыстарын атқаруға 65 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлініп, арнайы операторлар арқылы белгіленген кестемен жеткізіліп тұрды.
Жауапты науқанның ойдағыдай өткізілуіне биыл жаңа 72 трактор, 30 тұқым себу кешенінің сатып алынуы игі ықпалын тигізді. Жалпылай айтсақ, науқанға 15 мың данадан астам трактор, 13 мың тұқымсепкіш, оның ішінде 9053 жоғары өнімділіктегі тұқым себу кешендері қатыстырылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжановтан алынған мәліметке сүйенсек, биыл егіншілік саласына бөлініп отырған жеңілдетілген қаржылай көмектің мөлшері 10 миллиард теңгеге жуықтайды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,8 миллиард теңгеге көп. Осы ретте, тұқым шаруашылығын жолға қоюға 379 миллион теңге бөлу қарастырылғанын айтқымыз келеді. Яғни, ол 25 мың тонна элиталық тұқымды субсидиялауға жетеді деген сөз.
Сондай-ақ, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігімен көктемгі және күзгі дала жұмыстарын несиелеу бағдарламасы бойынша 4,3 миллиард теңге бөлінді. Бұған қоса, облыста тамшылата суару әдісін қолданып, бау-бақша өнімдері мен картоп өсіретін шаруашылықтар шығындарын жеңілдету де қарастырылған. Ол гектарына 75 мың теңгеден айналады.
Жылдың ең басты науқанын ойдағыдай аяқтап, көңілін діттегенімен, диқан қауым балапанды күзде санайтын әдетімен бүгіп сөйлейтінін білеміз. Әйткенмен, былтыр рекордты өнім жинаған олардың жүрегінде жылылық бары сезіліп тұрады. Біз де ырыздық ырысы молайсын деген тілек жетегіндеміз.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45