Төтенше жағдай • 16 Наурыз, 2023

Қобда-Ойыл тасжолдарында көлік қозғалысы тоқтатылды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, елді мекендерді су басып жатыр, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Қобда-Ойыл тасжолдарында көлік қозғалысы тоқтатылды

Ойыл өзенінің арнасынан тасуына байланысты Қобда-Ойыл тасжолдарында көлік қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ Ойыл өзенінің маңындағы бөгеттерді күшейту жұмыстары жүріп жатыр. ТЖ қызметкерлерінің көмегімен су тасқынына қарсы шаралар қабылданды.

Дегенмен БҚО-да төтенше жағдай әлі де сақталады. Ойыл өзені маңындағы кейбір ауылдарды су басып жатыр.