Таным • 16 Наурыз, 2023

Эйнштейн туралы айтылатын деректер қаншалықты рас?

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адамды естігені мен айтқаны қалыптастырмайды, еңбегі мен әрекеті қалыптастырады.

Альберт Эйнштейн

Эйнштейн туралы айтылатын деректер қаншалықты рас?

Эйнштейн салыстырмалық теориясын әріптестерінен ұрлап алғаны рас па?

.

Жоқ. Альберт Эйнштейн ол туралы 1905 жылы Annalen der Physik журналында жарияланған «Жылжымалы органдардың электродинамикасы туралы» мақаласында жазған. Бірақ осыған ұқсас ойларды басқа ғалымдар да зерттеген.

Эйнштейн мектепте нашар оқыған ба?

.

Бұл да шындыққа жанаспайды. Өйткені Эйнштейн оқыған мектепте бірінші тоқсаннан кейін бағалау жүйесі өзгереді. Яғни оқудың басында жоғары балл 1 болса, екінші тоқсанда 6 балл болады. Эйнштейннің мектепте нашар оқығаны туралы пікір оның бірінші тоқсандағы бағалары мен екінші тоқсандағы бағаларына байланысты тарап кеткен. Ол басында нашар оқып кейін оқу үлгерімін жақсартқан деп ойлайды. Бірақ екі бағалау жүйесі бойынша да оның қорытынды бағалары мектепте жақсы оқығанын көрсетеді.

Атақты физик ядролық қаруды жасауға ат салысқан ба?

.

Бұған Эйнштейннің өзі жауап берген.

«Менің ядролық қаруға жалғыз жағдайда ғана қатысым бар. Мен Президент Рузвельтке ядролық қарудың мүмкіндіктерін анықтау үшін үлкен деңгейде эксперимент жүргізу керек екендігі туралы жазылған хатқа қол қойдым», деп айтқан ғалым.

Эйнштейн нобель сыйлығына салыстырмалық теориясын ашқаны үшін ие болған ба?

.

Эйнштейнге нобель сыйлығы Фотоэлектрлік эффек заңын ашқаны үшін берілген.

Альберт Энштейнге президент болу ұсынылған ба?

.

Расымен де, 1952 жылы Израиль Президенті қайтыс болғаннан кейін Премьер-министр Энштейнге президенттікті ұсынған. Бірақ ол бұл қызметтен бас тартқан.