Президент • 16 Наурыз, 2023

Тоқаев: Түркия - Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев: Түркия - Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

«Түркия Қазақстанның басты бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 33 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстанның тауарларын Түркия нарығына көптеп шығаруға мүмкіндік бар», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік инвесторларының Қазақстандағы жобаларын қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аса маңызды рөл атқаратыны сөз болды.

Қазақстан тарапы әлеуеті мол осы көлік-логистикалық бағдарды дамыту үшін ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Режеп Тайып Ердоған кейінгі жылдардағы екіжақты сапарлар нәтижесінде барлық салада өсім бар екенін, жыл соңына дейін тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізу қажеттігін айтты. Түркия басшысы көлік саласында Орта дәліз әлеуетін толық пайдалану керектігін де атап өтті.