Әлем чемпионатында футболшылардың гол соққаннан кейін алаңның шетіне барып сәжде жасауы дәстүрге айналып барады. Осылайша, мұсылман футболистер гол салғанына шүкіршілік айтып, дініне берік екендіктерін көрсетуде.
Биылғы чемпионатта алғашқы сәжде 17 маусым күні Алжир мен Бельгия құрамаларының арасында өткен ойында тіркелді. Алжир құрамасының шабуылшысы Софиан Фегули 24-минутта гол соққаннан кейін сәжде жасады. Одан кейін де мұсылман елдерінің ойыншылары Алла тағалаға алғысын білдірген. Кешегі Аргентина – Нигерия матчында да африкалық ойыншы Ахмед Мұса екі доп соғып, командаластарымен бірге сәжде жасады.