«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәгерлерден жауап алынды», деп жазды ведомстводан.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.