Кеше Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың Жемқорлыққа қарсы органдары халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Халық прокуратурасы Қудалау комитетінің мүшесі Йе Фенгпен кездесуі өтті.
Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қолданып отырған нақты шаралары жөнінде хабардар етті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетті. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдануда.
Тараптар сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Йе Фенг болып өткен кездесудің маңыздылығын айтып, жемқорлықпен күрес саласындағы белсенді өзара ықпалдастыққа ризашылығын білдірді, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.