Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Байқаушылар қандай жағдайда жұмысын жалғастыра алмайды?

299 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚР сайлау туралы заңына сәйкес, дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір саяси партиядан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктен, коммерциялық емес ұйымнан бір байқаушыдан жүруге құқылы.

Байқаушылар қандай жағдайда жұмысын жалғастыра алмайды?

Байқаушылар:

1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;

2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;

3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;

4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;

5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;

6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;

7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;

8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;

9)  дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;

10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;

11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;

12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.  («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-1 б. 4 т)

Байқаушылар міндетті:

1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;

2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;

3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;

5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;

6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;

7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.

ҚР сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 39 б. 2 т.)

Байқаушылар ҚР заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-1 б. 4 т.)