Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі №899 сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түймегүл Ергешқызы ең алғашқы сәбиді осыдан 22 жыл бұрын асырап алуға шешім қабылдаған. Содан кейін отбасы жыл сайын толыға бастаған. Өзі үлкен отбасында өскен Түймегүл Ергешқызы үйде баланың көп болғанын қалайды. Өз кәсібі – кафе және дүкен орталықтары бар ананың 18 баласы және 6 немересі бар.
Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне барып, дауыс берген. Бұл учаскеде 2 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Аталған аумақта сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары.
Жалпы облыста 1168658 сайлаушы бар. Бұл – республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Өңірдегі 941 сайлау учаскесінде 8 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеп жатыр.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар