Саясат • 19 Наурыз, 2023

Саясат Нұрбек: Сайлау – қоғам үшін ерекше саяси оқиға

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамымыз үшін ерекше саяси оқиға – сайлауға қатысып, таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек: Сайлау – қоғам үшін ерекше саяси оқиға

Саясат Нұрбектің ссөзінше, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды саяси реформалардың арқасында еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде мемлекеттің саяси құрылымында да, қоғамдық құндылықтар жүйесін жаңарту процесінде де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

«Ал бүгін негізгі мемлекеттік институттарды қайта іске қосу үдерісін аяқтай отырып, Қазақстан азаматтары жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Мәжіліс пен мәслихаттардың биылғы сайлауы өткен жылы қазақстандықтардың қолдауына ие болған конституциялық реформаның қисынына негізделген. Осы реформаның арқасында елде биліктің өкілетті тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелері қалыптасты», деді Саясат Нұрбек.

Ол сондай–ақ ел азаматтары бүгін өздерінің саяси білімін көрсете отырып, дауыс беруге белсенді қатысатынына сенім білдірді.