Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық байқаушылар дауыс беру барысын бақылауды жалғастыруда. Бұл туралы сайлау барысынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығының алаңында ресейлік сарапшылар айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті

Алматылықтардың сайлаудағы белсенділігін Свердлов облысының Заң шығарушы жиналысының депутаты, Ресей Федерациясының Свердлов облысының Заң шығарушы жиналысының өңірлік саясат және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту комитетінің төрағасы Михаил Зубарев атап өтті.

«Бақылау институты сайлау процесі заңды өтуін қамтамасыз ететін ең маңызды институт болып саналады. Біздің топ Алматы қаласының түрлі аудандарында, яғни Алатау, Медеу және Әуезов аудандарында 18 нысанды аралады. Аталған сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруге дайындығы жоғары бағаланды. Сайлауға ұлттық байқаушылардың да қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Әрбір жеке учаскеде оннан астам ұлттық бақылаушылар бар», деді спикер.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша, сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне кедергі болатын заң бұзушылықтар анықталған жоқ.