Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы турнирлерінің 1/4 финал жеребелері тартылды.
Жеребе нәтижесі бойынша, Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реал» – «Челси», «Манчестер Сити» – «Бавария», «Интер» – «Бенфика» және «Милан» – «Наполи» командалары кездесетін болды. Алғашқы ойындар 11-12 сәуірге, қарымта матчтар 18-19 сәуірге жоспарланған.
Еуропа лигасының 1/4 финалында «Манчестер Юнайтед» – «Севилья», «Ювентус» – «Спортинг», «Байер» – «Юнион», «Фейеноорд» – «Рома», ал Конференция лигасында «Лех» – «Фиорентина», «Гент» – «Вест Хэм», «АЗ» – «Андерлехт» және «Базель» – «Ницца» клубтары жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Аталған екі лиганың ойындары 13 және 20 сәуір күндері өтеді.
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
Ұқсас жаңалықтар