Қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.
Жекелей сында 15 жастағы Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.
Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді. Есеп – 4:6, 4:6.