Экология • 20 Наурыз, 2023

Қоқысты сұрыптау – әрі мәдениет, әрі бизнес

1094 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Әлемнің дамыған елдерінде қоқыстың түрлерін бөліп жинау мәдениеті әбден қалыптасқан. Оған қатысты сұрақ туындай бермейді. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу – үлкен табыс көзі. Біздің елде биліктен бас­тап,­ әртүрлі ұйым, жекелеген экобелсенділер қарапайым тұрмыста ғана емес, ірі және­ орта бизнеске қоқысты бөлек жинау мәдениетін енгізуге тырысып жатса да, нәти­жесі әлі көңіл көншітпейді.

Қоқысты сұрыптау – әрі мәдениет, әрі бизнес

Үкімет «Жасыл экономикаға» көшу тұ­жы­рымдамасын қабылдап, соған сәйкес 2030 жыл­ға қарай тұрғындардан тұрмыстық қатты қал­дықтарды 100 пайыз жинап әкетуге тиіс. Қа­з­­ірге бұл тек Алматы қаласында іске асып отыр. Ал тұжырымдамадан басқа негізгі заң­на­малық құжат – Экология кодексі. Бұл да бүкіл ел аумағындағы қалдықтарды міндетті түрде әрқайсысын бөлек жинауды енгізуді көздейді. Бір сөзбен айтқанда, бірінші қадам іс жүзінде орындалып жатыр. Тек өкініштісі, елімізде заңдар қабылданады да, тиісті деңгейде орындала бермейді.

Сол сияқты көзделген мақсаттың әлсіз тұсы да – инфрақұрылымдар. Астана, Алматы, Шым­кент  сияқты ірі қалалардың өзінде де бө­лек­ қо­қыс жинауға арналған инфрақұрылым жоқ.­ Әрине, бірқатар тұрғын үй кешендерінде қа­ғаз, шыны, тамақ қалдықтары үшін бөлек қо­қыс жәшіктері бұрыннан бар. Бірақ айналып кел­генде сұрыпталған қоқыстардың барлығы қоқыс таситын машинаға бірге тиеледі де, қоқысты сұрыптау осы жерден қайта тежеледі.

Осындай мәселелер жинақтала келе, елі­міз­де пластикалық қалдықтарды жинау мен қай­та өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар желі­сін құруға жетелеп отыр. «PlastNet» атауына ие­ кәсіпорындар желісі коммерциялық емес және қалдықтарды өндірушілер, пластмасса қалдықтарын жинау және қайта өңдеумен айналысатын мамандандырылған компанияларды біріктіреді. Үлкен қаражат пен қажырды керек ететін мұндай жобаларды қарапайым адамдар іске асыра алмайтындықтан, бұл бастамаға 2019 жылы «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры үн қатып, оны қаржылай қолдауымен «Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» де» жобасы аясында құрылған еді.

Бүгінде аталған желі еліміздің 18 қала­сын­да 103 компанияның басын қосып отыр. Оның­ ішінде 63 компания – сауда және биз­нес-орталықтар, кеңселер, оқу орындары сияқ­ты орындардан қалдықтарды шығарса, 40 компания – қайталама шикізатты жинау­шы­лар мен қайта өңдеушілер. Олардың ішін­де­ пластик қалдықтарын жинаумен және өң­деумен айналысатын «Green Technology Industries» ЖШС, «Qazaq Recycling» ЖШС, «Спецмашин» ЖШС, «Taza Qala – Taza El», «LS Kokshetau» ЖШС, «Вторсырье Караганда» ЖК сияқты ірі мамандандырылған компания­лар­ бар. Қалдықтарды өндірушілерден «Mega Park» СОО, Danone, Herbalife Nutrition ком­панияларының кеңселерін атап өтуге болады.

Шын мәнінде, PlastNet қалдықтарды шығарушылар мен пластмасса қалдықтарын жинау және қайта өңдеуде мамандандырылған кәсіпорындар арасындағы көпір десек те болады. Бірақ бұл желінің басты мақсаты – тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, өңдеу ғана емес, экомәдениетті қалыптастыруды, осыған халықты үйретуді көздейді.

Желі құрылғалы бері елімізде 18-ден аса эко­­науқан, 19 экосенбілік өткізіп, қалдықтарды қай­­та өңдеу мен сұрыптаудың маңыздылығы ту­­ралы бейнеролик дайындап келеді. Жыл сайын PlastNet желісінің хатшылығы маман­дан­дырылған компанияларының арасында плас­тик қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу көлемінің есебін жүргізеді. Мәселен, 2022 жылы желі мүшелері 18,5 мың тоннадан­ аса пластик қалдықтарын жинап, 15 мың тон­на­­сын қайта кәдеге жаратқан.

«Біздің компания PlastNet-ке 2020 жылдың желтоқсанында қосылып, келесі жылдың басын­да дәмханалар, мейрамханалар мен сау­да­ орталықтарының аумағында орнатылған 20 торлы контейнер алдық. Оған қоса PlastNet Алматыда алғашқы фандоматтарды орнатуға кө­мектесті. 2022 жылы қаламыздың тұрғын үй ке­шендерімен және жоғары оқу орындарымен бел­сенді бірлескен жұмыс басталды. PlastNet ха­лықты оқыту, ақпараттық материалдарды та­рату және хабардар етудің ұйымдастыру жұ­мыс­тарын өз мойнына алды», дейді «Taza Qala» директоры Аңсар Смағұлов.

Әлі де болса, PlastNet елімізде қалдықты бөлек жинау инфрақұрылымы әлі де жетіл­ме­генін мойындайды. Сондықтан «Пластикті қай­та өңдеуге «Иә!» де» жобасы аясында 120 торлы контейнер мен төрт бірлік пресс-жаб­дықты ақысыз негізде қамтамасыз етті. Бар­лық жабдыққа желінің өңірлік мүшелері қыз­мет­ көрсетеді.

Желі қызметін жергілікті атқарушы органдар қолдап отырғандықтан, PlastNet желі­сі құрылғаннан бері «Өңірлерде бөлек жи­нау мәдениетін және жүйесін жетілдіру» тақы­ры­бында 10-нан аса өңірлік дөңгелек үстел ұйым­дастырылған. Осындай дөңгелек үстелге қаты­сушылар өңірлерде қалдықтарды бөлек жи­нау жүйесін дамыту ісіне мемлекеттік органдардың да назарын аудару туралы шешім қабылдады. Мұндай ынтымақтастықтың нәтижесінде контейнерлер мен қайталама шикізат қабылдау пункттерін орнату үшін мамандандырылған компанияларға жер учаскелерін беру мәселелері жылдам шешімін тапқан.

Ал енді инфрақұрылымды дамытудан басқа, пластмасса қалдықтарын жинау мен шы­ғаруды қамтамасыз етуде халықтың хабар­дар­лығын арттыру да өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан 2022 жылы «Қалдықтарды сұрып­та­ңыз – бізде басқа жер жоқ» жобасын іске асы­ру шеңберінде PlastNet желісі Алматы тех­но­логиялық университеті, Ғ.Дәукеев атын­дағы Алматы энергетика және байланыс­ уни­верситеті мен Қазақ ұлттық қыздар педа­го­ги­калық университетіне қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізді.

«Жобаға «Экология» мамандығы бар жоғары оқу орындары қызығушылық танытты. Әкімшілік пен студенттердің өздері біздің эко­логиямызға алаңдайды және қалдықтарды бө­лек жинау жүйесін сәтті енгізуге мүдделі. Та­биғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы туралы олардан артық кім біледі», дейді жоба жетекшісі Әсем Бодауова.

Аталған университеттердің аумағында қайталама шикізатты (пластик, шыны, алюминий­ және макулатура) және қайта өң­дел­мей­тін қалдықтарды жинау үшін 300 арнайы эко­бокс орнатылды. Жыл соңына қарай бұл бас­тамаға «Астана» халықаралық университеті қо­сылып, оған да экобокстар берілді. Уни­вер­ситет студенттері осы экологиялық жо­ба­ға қуана қатысқанын атап кеткен жөн. Бір­ ерекшелігі, жастарымыз қалдықтарды бө­лек жинау жүйесіне үлкен қызығушылық та­ны­тып отыр, қаптамадағы таңбалауды зерт­тей­ді, қалдықтарды желі хатшылығы берген нұс­қау­лар­ға сәйкес сұрыптайды.

Қорыта айтқанда, қысқа мерзімде PlastNet желісі Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8 миллионнан аса адамды экомәдениет негіздеріне бау­лып, әр өңірдегі оқу орындарында, ірі компа­ния­ларда, сауда және бизнес-орталықтарда қал­дықтарды бөлек жинауды дәйекті түрде ұйым­дас­тырып келеді. Осы жылы желі еліміздің тағы­ үш қаласында кеңсе ашып, өз қызметін ай­тар­лықтай күшейтуге ниетті.

 

АЛМАТЫ