28 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №625

219 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2014 жылғы 7 маусым, Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 89, 1095-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-бөлімде: «Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта: «Тауар нарықтарында тиімді бәсекелестікті құру арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру» деген 1.1-мақсатта: «Тауар нарықтарын монополиясыздандыру» деген 1.1-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын: « Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің салаларын олардан жұмыстардың жекелеген түрлерін бәсекелес ортаға бөліп шығару тұрғысынан талдау Х - - - - »; «Бәсекелес ортаның жай-күйін жақсарту» деген 1.2-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын: « 5. Бәсекелестікті шектейтін нормаларды анықтау және жою тұрғысынан нормативтік құқықтық базаға талдау жүргізу Х - - - - »; «Тауар нарықтарындағы жай-күйді бақылау сапасын, оның ішінде негізсіз мемлекеттік қатысуға жол бермеу арқылы арттыру және оны күшейту» деген 1.3-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4 және 5-жолдармен толықтырылсын: « 4. Квазимемлекеттік құрылым қатысатын нарықтарға экономикадағы мемлекеттік секторды қысқарту тұрғысынан мониторинг жүргізу Х - - - - 5. Мемлекеттік кәсіпорындардың «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабына сәйкес функцияларды орындау тұрғысынан олардың қызметіне талдау жүргізу х - - - - »; «Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу» деген 2-стратегиялық бағытта: «Тауар нарықтарына кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта: Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерімен келтіретін залалдарын болдырмау» деген 2.2-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын: « 5. Бәсекелестікті дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің рейтингін жүргізу Х - - - - »; «Адал бәсекелестікті насихаттауды және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету» деген 2.3-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 6-жолмен толықтырылсын: « 6. Адал бәсекелестіктің артықшылықтары және негізгі қызмет бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу (БАҚ-тағы жарияланымдар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу) Х - - - - »; «Монополияға қарсы заңнаманы тиімді құқықтық қолдануды қамтамасыз ету» деген 2.4-міндетте: «Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4 және 5-жолдармен толықтырылсын: « 4. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің ТМД, алыс шет елдерде (Халықаралық бәсеке желісі) өткізілетін оқыту іс-шараларына қатысуы X - - - - 5. Халықаралық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шараларды әзірлеу X - - - - »; «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» деген 5-бөлімде: «Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта: «Тауар нарықтарында тиімді бәсекелестікті құру арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру» деген 1-мақсатта: «Бәсекелес ортаның жай-күйін жақсарту» деген 1.2-міндет мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларға бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды енгізуді үйлестіру ӨДМ, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері Аумақтарды дамыту бағдарламаларына БҚА ұсынған шараларды қарау және енгізу »; «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде: 1. «Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: тиімділік көрсеткіштерінде: «Бір қызметкерге шығындар» деген жолдағы «4105» деген сандар «4073» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «807029» деген сандар «819538» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада: тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде: «2014 жыл» деген бағанда: «Басқа да және негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу» деген жолдағы «61» деген сандар «68» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «18250» деген сандар «19610» деген сандармен ауыстырылсын; «Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде: 2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ» деген жолдағы «825279» деген сандар «839148» деген сандармен ауыстырылсын; «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «825279» деген сандар «839148» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 625 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 108-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 3) тармақшасы. 3. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2011 жылғы 15 ақпандағы № 138 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 21-тармағы. 5. «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 556 қаулысы.