Қоғам • 23 Наурыз, 2023

Талдықорғанда жасырылған оқ-дәрілер табылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда жасырылған оқ-дәрілер табылды

Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.

«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады»,  деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.