Қоғам • 24 Наурыз, 2023

Риддер жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Прокурорлар 2022 жылдың қарашасында Риддер қаласында болған апаттан зардап шеккен тұрғындардың құқығын қорғады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддер жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынды

Қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын тарта отырып, кәсіпорын қызметіне тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижесі «Риддер ЖЭО» АҚ-ның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін көрсетті. Заңнамаларды бұзудың 240-тан астам дерегі анықталды. Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО-ға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды», делінген хабарламада.