Аймақтар • 25 Наурыз, 2023

Өскеменде КамАЗ тіркемесі жаяу жүргіншіні қағып кетті

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

34 жастағы жүргізуші Өскеменде КамАЗ жүк көлігін біріктірілген тіркемемен айдап келе жатып, ақау салдарынан жүк тіркемесі ажырап кеткен. Ол кейіннен жол жиегінде кетіп бара жатқан тұрғынды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде КамАЗ тіркемесі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Polisia.kz мәліметінше, оқиға 24 наурыз сағат 16:30 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір бірқатар сот сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.