Елорда • 26 Наурыз, 2023

Елордада көктемгі санитарлық тазалау жұмыстары жүріп жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада күн райының жылынуына орай көктемгі санитарлық тазалық жұмысы басталды. Қыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланып, жуылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада көктемгі санитарлық тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Таңертеңнен кешке дейін елорданың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде қаланың коммуналдық қызметтері санитарлық тазалық жұмысын жүргізеді.

Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және т.б. қоқыстан тазартылады.

Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу және т.б. жұмыс жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.