Шахмат • 26 Наурыз, 2023

Қазақстан шахмат федерациясы шахматшы қыздарға қолдау білдірді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы Гран-при турнирі төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шахмат федерациясы шахматшы қыздарға қолдау білдірді

Қазақстан шахмат федерациясы аталған турнирге қатысты барлық мәселелер FIDE мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушылардың құзырында екенін мәлімдеді.

- Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіріп, әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерінің ұйымдастырылу деңгейі жоғарылайды деп үміттенеді. Сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясы FIDE және барлық мүдделі тараптармен аталған мәселені талқылайды. Біздің белді шахматшылар бұл келіспеушілікті жүйелі шешіп, өз талантымен жаңа жеңістерге жетіп, бізді қуантады деген сенімдеміз, - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Еске сала кетейік, блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында Жансая Әбдімәлікке қатысты сыни пікір жазды. Кейінірек FIDE президенті Гран-приге қатысушылардан кешірім сұрады. Жансая Әбдімәлік жарыстан неге бас тартқанын түсіндірді.