Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ведомствода өткен брифингте қазақстандықтардың қанша көлікті заңдастырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитет басшысының айтуынша, 2023 жылдың 23 қаңтары мен 26 наурызы аралығында 69 мыңнан астам көлік заңдастырылған.
«Оның 67%-ы – 46 592 автокөлік Ресей Федерациясынан, 19%-ы – Армениядан – 13 424 автокөлік, 10%-ға жуығы – 6 788 автокөлік Қырғызстаннан, 2%-ға жуығы – 1296 автокөлік Грузиядан әкелінген», деді Қайсар Сұлтанбаев.
Ол Ішкі істер министрлігі де «автоконструкторлар» деп аталатындарды, яғни қосалқы бөлшектер атын жамылып әкелінген көліктерді заңдастырудың шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты.
«Жоба қоғамдық талқылаудан өтті, қазір оның қорытындысын шығарып жатырмыз, содан кейін жобаны түпкілікті бекітуге мемлекеттік органдарға жіберіп, Үкіметке жібереміз», деді ол.
Ведомство өкілі атап өткендей, биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Заңдастыруға өтініштер барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталында азаматтарға қолжетімді электрондық сервис және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қабылданады.
Көлік құралының негізгі заңдастыру критерийлеріне сәйкестігіне соттылықты, кедендік деректер базасын және басқа да ақпараттық жүйелерді алдын ала тексеру процесі толығымен автоматтандырылған. Заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Президент • Бүгін, 16:48
Президент елорда әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
Президент • Бүгін, 16:36
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Ұқсас жаңалықтар