Шәкен Айманов «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» дейді. Иә, театр - тарихы тереңде жатқан көне мәдениет. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары қазақ мәдениетін дамыту әрі сақтау мақсатында алғашқы театрдың негізін қалаған еді.

1925 жылы Қызылорда қаласында қазақ театрының шымылдығы ашылды. Ең алғашқы қойылым Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы негізінде қойылды.
Қазіргі кезде Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді, оның 55-і мемлекет меншігінде. Соның ішінде төртеуі этникалық театр: ұйғыр, корей, неміс және өзбек театры. Тәуелсіздік жылдары елімізде 21 мемлекеттік театр ашылып, Орал, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Түркістан қалаларында 11 театрға заманауи жаңа ғимарат салынды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Музыкалық жас көрермендер театры ашылса, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры республикалық деңгейге өтіп, ұжым жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар 2021 жылы Түркі әлемінің астанасы ретінде ресми түрде мойындалған Түркістан қаласында Түркістан музыкалық-драма театры ашылып, арнайы салынған жаңа ғимаратта өз жұмысын бастаған.
2020 жылы 5 театрға, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрларына ұлттық театр мәртебесі берілген.
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Ұқсас жаңалықтар