Күні
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Биыл 8 мамыр демалыс күні болып белгіленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 сәуірдегі «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Қазақтан шыққан ғалым әйелдер туралы не білеміз?
Жыл сайын 12 сәуірде еліміз Ғылым күнін атап өтеді. Айта кету керек, ғылымға үлес қосқан және әлі де ғылым жолында тынбай еңбек етіп жүрген нәзік жанды әйелдер аз емес. Бүгінде, біздің әңгімеміз қазақтан шыққан тұңғыш ғалым әйелдер туралы болмақ.
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Елімізде 25 мыңнан астам ғалым бар, олардың 43-і Арқалықта
Кез келген мемлекеттің өркениет өлшемін ғылым мен білім саласының көрсеткіштері айқындайды. Себебі өркениетті ел әлемге ғылыми жаңалық ұсынып, білім қуалайтын жастарды үнемі ынталандырады, қолдайды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2024
1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі аспанға ұшты. Бұл – барша адамзат тарихындағы маңызды әрі айтулы оқиға. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері атанса, Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды.
Ғылым • 12 Сәуір, 2024
Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні
Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі бар. Бұл бірнеше ғасыр бұрын айтылып кетсе де өзектілігі жойылған емес.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2024
Бүгін - Халықаралық ғарышкерлер күні
12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Алайда, бұл Қазақстан үшін де айтулы мереке.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Ел азаматтары мамырда қанша күн демалады?
Мамыр айында үш айтулы мереке атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Биыл мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Алдағы мамыр айында 3 мереке бар. Олардың бәрі аптаның ортасына келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2024
Ту ілген бүркітті Президенттің алдында ұшыруды армандаймын – құсбегі
Он күн тойланатын биылғы Наурыз мерекесі аясында бекітілген Ұлттық спорт күніне орай осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш рет көк байрағымызды ілген бүркітті самғатып, рекорд орнатқан құсбегі Ғабит Таңатовпен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?
Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Ұлттық киім киетін қазақтар саны күннен-күнге артып келеді
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан аумағында ұлттық киімнің сән-салтанатына арналып, қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Ұлттық сезім» флешмобы өткізіліп келеді. Аталған бастаманы көтерген YPO Kazakhstan төрағасы Қанат Көпбаев. Осы күні бірқатар ұйымның қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп, дәстүрлі аксессуарлар тағады, деп хабарлайды Egemen.kz ultsport.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
«Отбасылық ісіміз»: Орыс келін Анна қазақтың ұлттық киімін тігеді
Анна есімді келіншек ұлттық шапан тігу ісімен айналысады. Бұл туралы Александра Мыскина Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 18 Наурыз, 2024
«Шаңырақ» күні елордалық театрда өнерлі отбасы балаларының тұсауын кестірді
«Шаңырақ» күнінде елордадағы Музыкалық жас көрермен театрында «Бақытты шаңырақ иелері» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жас отбасылардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы мерекелік жиында баланы тұсауын кесу рәсімі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 17 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Шаңырақ күні аталып өтті. Осыған орай өңір басшысы Нариман Төреғалиев 50, 25 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан отбасылармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Амал – мейірім мен сауап мейрамы
Далада әлі де қар жатқанымен көктемнің лебі сезіледі. Көктемге тән иіс, дыбыс, шуақ бар. Биыл бұл мезгіл бұрнағылардан өзгерек. Осы жылы қасиетті Рамазан айы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Жаңару мен тазалықтың, мейірім мен ізгіліктің айы саналатын бұл екеуінің қазақ үшін мәні де, маңызы да зор. Жылдың жаңарып, күн мен түннің теңелер шағы да осы кезең. Тарихтан тамыр тартқан Әз Наурызды халқымыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойлайды. Ал оның 14 наурыз – Амал, көрісу мерекесінен басталуы тегін болмаса керек.
Президент • 14 Наурыз, 2024
Президент Амал күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Биыл Наурыз мейрамы он күн тойланады
Мәдениет және ақпарат министрлігі биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Наурыз, 2024
Премьер-министр мереке иелерін құттықтады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Әйелді құрметтей білген қоғамды өркениетті деп атауға болады - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
Ұлттық статистика бюросы қызықты дерек ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
8 наурыз қарсаңында гүл қымбаттай бастады
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай жүргізілген сауалнамаға қатысқан қазақ әйелдері ерлерден қандай сыйылық күтетіндерін айтты. Ең қызығы, гүлдер алғашқы үштікке де кірмей қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 01 Наурыз, 2024
Қиын-қыстау кезеңде халқымыз қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Палата Спикері Қазақстан халқын құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдени мекемелер жалпы 514 іс-шара ұйымдастырады. Қазақстан халқы бұл күні қайырымдылық концерттеріне барып, театрландырылған қойылымдар мен көрмелерді тамашалап қана қоймай, түрлі акцияларға да қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
«Бір шаңырақ астында»: түрлі этнос өкілдері қазақ халқына алғыс айтты
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» деп аталған мәдени іс-шара өтті. Тағылымды басқосуға келген түрлі этнос өкілдері тағдырдың қилы соқпағында бауырына басқан қазақ халқына алғыстарын айтып, достық пен татулықты арқау еткен музыкалық туындылардан концерт ұсынды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күні. Ол қандай мереке?
1 наурыз − Алғыс айту күні. 2015 жылы күнтізбемізге енген жаңа мерекенің маңызы мен мәні айрықша. Қысылтаяң қилы кезеңде қазақ топырағына табан тіреген этностар мен тұрғылықты халықтың арасындағы достықты дәріптеуді көздейтін мейрам алғаш рет 2016 жылы жалпы халықтық сипатта тойланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке • 29 Ақпан, 2024
Алғыс айту күні - алмағайып шақта алашапқын күй кешкеннің қайта өркен жаю жолында тіреніш болған жандарға айтар ризашылығы рәуіштес. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екендігі бесенеден белгілі. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген бұл мереке Ұлттық ұлан қатарында азаматтық борышын өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметшілер үшін де құнды әрі тағылымға толы. Осы орайда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі өзге ұлт өкілдері мерейлі мереке аясында айшықты көзқарас танытып, пайымды ойға негізделген пікірлерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2024
Десантшы қыздар аспан астында қалқыды
Қарулы күштердің Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Олардың ішінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Мен мамандығымды жақсы көремін» челленджін бастаған 13 санитарлық нұсқаушы қыз бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.