Фото: Ертай Сарбасов
Арқалықта жұмыс істейтін 43 ғалымның соңғы 3 жыл ішінде жүргізген ғылыми зерттеулерінен 112 миллион теңге көлемінде табыс тапты. Бұл бір ғалымның үлесі 3 миллион теңгеге жуық екенін білдіреді.
«Өңір ғалымдары 3 отандық және 1 халықаралық жобаға қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Арқалық қаласының Жалпы ішкі өніміндегі үлесі 0,74%-ға жетті. Салыстырмалы түрде, бұл жақсы көрсеткіш. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Арқалықта инклюзивті білім беруді жетілдіру тетіктерін зерттейтін академиялық артықшылық орталығын құру жоспарланып отыр», деді Ержан Әмірбекұлы.
Жазбасын қорытындылаған ректор Қазақстан ғалымдарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.