Қаржы • 27 Наурыз, 2023

Доллар бағамы өсті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы өсті

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,66 теңгеге көтеріліп, 458,87 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 25-27 наурыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 457,29 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 453,82 теңгеден сатып алынып, 457,25 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 454,94 теңге, сату – 459,14 теңге.